Ұлттық нейрохирургия орталығында еліміздің бірде бір медициналық мекемелерінде жоқ, диагностика жасайтын бірегей кабинет ашылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
Алғаш рет ашылып отырған кабинет пациенттің жүйке жүйесінің түрлі дәрілік және электрлік стимуляциясына байланысты кіші инвазивті әдісті қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс хирургиялық операция жасамауға және жалпы анестезиясыз емделуге көмектеседі.
«Кабинеттің негізгі міндеті – жылдам, әрі қысқа уақытта адамның ауруын жазып, қатарға қою, әрі қарай дұрыс емделуіне жол көрсетіп, ауру тудыратын кейбір синдромға тез көмек беру», — дейді орталықтың алдын алу және ауруды емдеудің жоғары санатты нейрохиругы Рамиль Танкачеев.
«Біз Израиль мен Америкадан екі маман шақырдық. Олар терапиядағы стандартты әдісті Қазақстанға енгізбек. Енді қазақстандықтар шетел аспай-ақ, осында жоғары деңгейде емделуіне болады», — дейді маман.
Қазақстанда осындай емхана ашу идеясы Рамильге Израилдің бір клиникасында оқып жүргенде келген. Енді оның жоспарында «Дерт қауымдастығын» құрып, еліміздің барлық аймағын қамтығысы келеді.
«Дерт клиникасы АҚШ, Израиль тағы басқа көптеген Еуропа елдерінде жұмыс істеп жатыр. Ресейде де бес жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Ал Қазақстан медицинасындағы осынау жаңа бағыт енді ғана бастау кезеңінде тұр», — дейді түсіндірді дәрігер.
Оның ойынша, дерт мектебі сирек мамандардың басын біріктіріп, жалпы картинаны тұтас, әрі сауатты анықтай алатын болуы керек деп есептейді.
«Жоспарымызда қазақстандық ең үздік мамандарды жұмысқа тарту, сонымен қоса шетелдік АҚШ, Израиль, Ресейден де мамандар алдырып, дерт бойынша дәрігер-мамандар десантын жасақтағымыз келеді. Олар республикамыздың барлық орталығында емдеу ісін жүргізіп, кеңес берсе деген ойымыз бар», — дейді Танкачеев.
Ұлттық нейрохиругия орталығының базасындағы дертті емдейтін кабиет қала тұрғындарына да, өзге қаладан келгендерге де көмек көрсетеді.