Жиын барысында жоғары дәрежелі топтың бұған дейінгі отырысында қабылданған Хаттаманың орындалуы, жұмыс топтары мен техникалық ұйымдастырушы тұрақты жұмыс топтарының қызмет қорытындысы, жоғары дәрежелі топтың кезекті жиынын өткізу тәрізді мәселелер талқыланды.
Кездесуде Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жұмыстары аясындағы заң шығару жұмыстарының барлық бағыттары бойынша техникалық тапсырмалар жобасын дайындап бітіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, қатысушы тараптар заң шығару жұмыстарына шенеуніктермен бірге ғылым, құқық және бизнес саласының өкілдерін де жұмылдыру тетіктерін де ойластырады.
Жиын бағдарламасы бойынша өкілдердің басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп күтілуде.
Біртұтас Экономикалық кеңістікке Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь республикалары енеді.