Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді

Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді

3-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 11-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 326
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында жоғары дәрежелі топтың бұған дейінгі отырысында қабылданған Хаттаманың орындалуы, жұмыс топтары мен техникалық ұйымдастырушы тұрақты жұмыс топтарының қызмет қорытындысы, жоғары дәрежелі топтың кезекті жиынын өткізу тәрізді мәселелер талқыланды.

Кездесуде Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жұмыстары аясындағы заң шығару жұмыстарының барлық бағыттары бойынша техникалық тапсырмалар жобасын дайындап бітіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, қатысушы тараптар заң шығару жұмыстарына шенеуніктермен бірге ғылым, құқық және бизнес саласының өкілдерін де жұмылдыру тетіктерін де ойластырады.
Жиын бағдарламасы бойынша өкілдердің басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп күтілуде.
Біртұтас Экономикалық кеңістікке Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь республикалары енеді.

Соңғы жаңалықтар