Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың  отырысы басталды

Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың отырысы басталды

Бүгін, 13-мамырда Астанада Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның Біртұтас Экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың 20-отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Мамыр 2005
  • 371
Фото - Caravan.kz

Кездесуге Беларусь атынан үкімет басшысының орынбасары Андрей Кобяков, Қазақстан атынан ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаев, Ресей атынан осы елдің өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко, Украина атынан экономика министрі Сергей Терехин қатысуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отырыста тараптар 8-сәуірде Мәскеуде өткен Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың 19-отырысы хаттамасының орындалуы, бірінші кезекте қол қойылуға тиіс халықаралық-құқықтық құжаттардың жобасын келісуге бағытталған келіссөздердің барысы туралы талқылайды.
Сонымен бірге бас қосуда Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің мемлекет басшыларының қарауына берілетін халықаралық-құқықтық құжаттардың топтамасын әзірлеу, қызмет саудасы туралы келісімнің жобасы мен Біртұтас Экономикалық кеңістік аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қарау және сұрыптау жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережелердің жобасын дайындау көзделіп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойып, 2004-жылдың 20-мамырында күшіне енді.

Перейти к новостям спорта