«Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жол апаттарының саны 11%, қаза тапқандар саны 8,8%, зардап шеккендер саны 16%-ке кеміді»,- деді С.Малый.
Оның айтуынша, жол апаттарына қатысты ахуалды тұрақтандыру үшін жол полициясы инспекторларынан арнаулы топтар жасақталып, олар жаяу жүргіншілермен жұмыс істейтін болады. Қаладан шыға берісте апаттан қирап қалған көліктер ескерту ретінде орнатылып, Елордасындағы жол апаттарына қатысты ақпараттары бар панно ілінеді.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының мәліметіне жүгінсек, қазіргі жағдаймен Елордасында 90 мыңдай көлік тіркелген.