Әлем чемпионы (Бразилия), Еуропа чемпионы және Әлем чемпионатының финалисі (Ресей), Азия біріншілігінің жеңімпаздары сынды боксшылардан құралған қатысушылар құрамы турнир деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін байқатады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 13-15 қыркүйек аралығында алдын ала кездесулер өтеді. Ал 16 қыркүйекте жартылай финалдық жекпе-жектер, 17 қыркүйекте ақтық сын кездесулері болады.
Қазақстан бұл турнирде әйелдер ұлттық құрамасының екі құрамын да ұсынып отыр. Бұл күндері шаршы алаңға ел намысын қорғауға — Назым Қызайбай (48 кг), Дина Елубаева (48 кг), Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Төлеуова (51 кг), Рано Пархатова (51 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Алия Жаркенова (51 кг), Гүлжан Әкімова (54 кг), Дина Жоламан (51 кг), Нұрия Ғарифулина (57 кг), Оксана Королева (57 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Әлия Әбдіраймова (60 кг), Гүлжайна Үббіниязова (60 кг), Зура Құсаинова (60 кг), Саида Хасенова (60 кг), Мөлдір Базарбаева (75 кг), Дариға Шакимова (75 кг), Марина Вольнова (75 кг), Юлдуз Маматқұлова (75 кг), Ляззат Күнгенбаева (+81 кг) шығады.
Сейсенбі күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде 14.30-да турнирдің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты, ал 15.00 сағатта ашылу салтанаты болады.