Жарияланды: 340

Астанада болған өрт кезінде екінші қабаттан секірген үш адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін сағат 05:23-те Астанадағы «Астанаводсервис» ЖШС-нің иелігіндегі екі қабатты ғимарат шатырының шамамен 2 мың шаршы метрі отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Жалын сағат 06:44-те ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 42 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан өрт кезінде екінші қабаттан секіріп, түрлі жарақаттар алған есімдері анықталмаған үш адам ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін