Астанада Бораттың кейпіндегі жалаңаш шетелдіктер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Бораттың кейпіндегі  жалаңаш шетелдіктер ұсталды

Астанада Бораттың кейпіндегі жалаңаш шетелдіктер ұсталды

Жұма, 10 қарашада Астанада ЭКСПО автотұрағындағы "I love Astana" жазуының алдында суретке жартылай жалаңаш түскен алты шетелдік турист ұсталды. Ер адамдар "Бораттың шомылу киімі" аталып кеткен ұятты киімде болған. Олардың суреті әлеуметтік желіде тарап кетті. 

  • 14 Қараша 2017
  • 368
Фото - Caravan.kz

Астана ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова Tengrinews.kz тілшісіне ұсталғандар Чехия азаматтары екенін мәлімдеді. Оларға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. 

"Материалдар Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілк сотына жолданды", — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әкімшілік сот ұсталған әр шетелдікке 10 АЕК (1 АЕК — 2269 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шағырғаны белгілі болды.