Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Босанған екі әйелдің өлімін растаймын. Қызметтік тергеу жүріп жатыр, тексеріс жүргізу үшін сарапшылардың комиссиясы құрылды. Балалар аман-есен, бірақ олардың жағдайларына қатысты пікір білдірмейміз", — деді баспасөз қызметінің өкілдері. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы перинаталдық орталықтардың бірінде екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы мәліметтер тараған болатын.