Астанада бостандыққа шыққан азаматтарға қызмет көрсету орны ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бостандыққа шыққан  азаматтарға қызмет көрсету орны ашылды

Астанада бостандыққа шыққан азаматтарға қызмет көрсету орны ашылды

Бүгін Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мен қалалық әкімдіктің бірлесіп ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орындарын

  • 4 Шiлде 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мен қалалық әкімдіктің бірлесіп ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан  азаматтарға қызмет көрсету орны ашылды, деп хабарлайды Bnews.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызмет көрсету орны Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасының 33-қадамын іске асыру аясында (Сарыарқа аудандық ХҚКО, Республика, 43) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.   

Аталған шараға Астана қаласы әкімдігінің, Жұмыспен қамту орталығының, Денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған орталықтың, «Оңалту технологиялары және тұжырымдары», «ШАНС» қоғамдық қорларының, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері мен сотталғандар қатысты.

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің есебінде екі мыңға жуық сотталған есепте тұр.

Олардың көп бөлігі құжаттарын қайта жасату, зейнеткерлік пен жәрдемақыларын рәсімдеу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, психологиялық және құқықтық көмек түрлеріне мұқтаж болып келеді. 


Әлеуметтік-құқықтық көмекті бұрын сотты болғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босағандар, сот әкімшілік қадағалау орнатқан адамдар ала алады.

Осындай пробация үйлері Астана қ. Есіл, Алматы әкімшілік аудандарында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда бұл қызметтен 20-ға жуық сотталған өткен.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандырылған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің тәртібі мен рәсімдерін оңтайландыруға ықпал етеді.

«Пробация үйі» түріндегі жаңа жобаны іске асыру айтарлықтай тиімді тәжірибе.