Астанада бүгін Шри-Ланканың Қазақстандағы Мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бүгін Шри-Ланканың Қазақстандағы Мәдениет күндері өтеді

Астанада бүгін Шри-Ланканың Қазақстандағы Мәдениет күндері өтеді

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана қаласындағы ланк мәдениеті күндері» атты мәдени шара өтеді.

  • 19 Қараша 2012
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (ДСР) арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдық мерейтойына арналған, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Шри-Ланканың мәдени күндері аясында «Чандана и танцоры» би ансамблі өз өнерін көрсетеді және «Шри-Ланка келбеті» атты фотокөрме ұйымдастырылады. Мәдени шара Шри-Ланка ДСР Президенті Махинда Раджапакстың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өтеді.

«Шри-Ланка келбеті» фотокөрмесі отыз жыл жалғасқан азамат соғысынан кейінгі Шри-Ланкадағы саяси және экономикалық өзгерістерге арналады. Сондай-ақ экспозиция Шри-Ланканың мәдениетімен және көзтартар табиғи көріністерімен таныстырады.

Ланк би стилін төрт санатқа бөлуге болады. «Оңтүстік биі» («Low Country Dancing») деп елдің Оңтүстік бөлігіндегі кең тараған би стилін айтады. «Солтүстік биі» («Up-Country Dancing») бұрынғы Канди корольдігінде таралғандықтан, Канди биі деген атпен белгілі. Сабарагамува биі («Sabaragamuwa Dancing») Сабарагамува өңірінде пайда болған би, ал Бхаратанатьям («Bharatha Natyam») оңтүстік Үндістаннан келген би түрі.
Бишілердің қимылы өзіндік мінезді болып келеді. Аяқтарының тез ырғақты қозғалысы асқан шеберлікпен орындалады, ал акробатикасына үлкен күш жұмсалады. Әрбір би өз тарихын айтып береді. Ежелден би мен музыка Жаратқаннан алғыс алуға және табиғаттың болмысын мадақтауға көмектеседі. Дәстүрлі биі және музыкасы ауа райының өзгерісін, кейбір жәндік-жануардың қимылын, халықтық ертегілерді және салтын, әдет-ғұрпын көркемдеп көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар