Астанада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррор мәселесіне арналған арнаулы отырысына дайындық мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррор мәселесіне арналған арнаулы отырысына дайындық мәселелері талқыланды

Астанада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррор мәселесіне арналған арнаулы отырысына дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін, 13-желтоқсанда Астанада ҚР СІМ-нің орынбасары Асқар Шәкіровтың басқаруымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің 2005-жылғы 26-28-қаңтарда Алматыда өтетін арнаулы отырысына дайындық мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Алдағы шараға дайындық барысын талқылауға Қазақстан мен Ресейдің СІМ, ТМД атқару комитеті, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитеті мен қазақстандық мүдделі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осындай арнаулы отырыс өткізу туралы Астанада 2004-жылғы қыркүйек айында өткен ТМД саммитінде бастама көтерілген.
Контртеррорлық комитеттің отырысына 70-тен астам халықаралық, аймақтық және субрегионалдық ұйымдардың, сондай-ақ, БҰҰ-ына мүше елдердің өкілдері қатысады деп күтілуде. Сөйтіп, халықаралық лаңкестікпен күреске қатысты тұжырымдамалық және тәжірибелік мәселелер саяси жоғарғы деңгейде талқыланады.