Астанада бюджеттің миллиондарына салынып жатқан мұз қалашығы еріп кетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бюджеттің миллиондарына салынып жатқан мұз қалашығы еріп кетуі мүмкін

Астанада бюджеттің миллиондарына салынып жатқан мұз қалашығы еріп кетуі мүмкін

Қытайдан арнайы маман шақырып, қардан қалашық тұрғызып жатқан жергілікті мүсіншілерге арқаның сақылдаған сары  аязы жетпей тұр. Бірер күннен бері Елордада сынап бағанасы 0 градустан аспай, күн күрт жылынып кетті.

  • 27 Қараша 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Бірақ, қалайда миллиондарды игеру керек болғандықтан құрылысшылар  күн-түн демей жаңа жылға арналған қалашықты тұрғызып жатыр. Әрі отандық мүсіншілердің шамасы жетпесе керек, қытайлық әріптестерінің көмегіне жүгініпті. Тәуелсіздік күніне дейін жаңа жылға дайындықты бастамау туралы «Нұр Отанның» ұсынысын елемеген Астана әкімдігі бұған қанша қаржы бөлінгенін де жасырып отыр. Ал, дәл осындай мұз қалашығы  Елорданың 4 жерінде салынуда. Ең үлкені Хан Шатыр орталығының қасында бой көтереді. Олар 1-ші желтоқсанда ашылып, дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас шыршасын өзі жағады. Бірақ аяздың жоқтығынан мұз тапшылығын ескерсек, 5 күн ішінде қалашықты тұрғызу қиынға соғайын деп тұр.

Мәди Қанапин, Мұз қалашығына жауапты компания басшысы:

24 сағат жұмыс істеп жатырмыз уақытында тапсыру үшін. 1-інде тапсырамыз құдай қаласа. Үлгереміз деп ойлаймыз.

Соңғы жаңалықтар