Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионат өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионат өтеді

Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионат өтеді

Қазанның 3-4-і аралығында Астана қаласында черлидингтен I ұлттық чемпионат өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық черлидинг федерациясының президенті Альфия Қалмағанбетова мәлім етті.

  • 29 Қазан 2012
  • 399
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, елімізде алғаш рет ұйымдастырылатын жарысқа 50-ден астам команда қатысады. Олардың ішінде би топтары, черлидинг клубтары және тағы басқа ұжымдар бар. Қатысушылардың жалпы саны — 500 адам. «Негізі, Алматыда черлидинг бұқаралық спорт түрі ретінде жақсы дамыған. 2007 жылдан бастап қаланың көптеген мектептерінде черлидинг дене шынықтыру пәнінің қосымша сабағы ретінде енгізілді. Осының арқасында Алматыда 72 команда құрылды. Олардың қатарында 1,5 мың бала өнер көрсетіп жүр. Астанада болса, спорттың бұл түрі тиісті деңгейде дамымай отыр. Сол себепті біз черлидингтен алғашқы ұлттық чемпионатты елордада өткізуді ұйғардық», — дейді А. Қалмағанбетова.

Айта кетейік, чемпионат қазанның 3-4-і күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Чемпионат жеңімпаздарын марапатту рәсімінде әлем чемпионы — Жапонияның «Drippers» командасы өнер көрсетпек.

Черлидинг (ағыл. «cheerleading» деген сөзінен шыққан) — би, гимнастика мен акробатиканы үйлестірген спорттың бір түрі. Онда шоудың элементтері басым болады. Черлидинг 1870-жылдары АҚШ-та пайда болып, спорт командаларын демеуші би топтары арқылы танымал бола бастады.

Соңғы жаңалықтар