Астанада дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды

Астанада дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды

Денсаулық саласында соңғы жылдары қаржыландыру 10 есеге көбейген.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 218
Фото - Caravan.kz

Астанада халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі талқыланған қоғамдық тыңдауда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Sputnik елорда әкімдігінің медиа орталығы-на сілтеме жасап. 

 "Денсаулық сақтау саласының мәселесі қаланың әрбір тұрғынына етене таныс және біз соңғы жылдары бұл салада көп жұмыс атқардық, соған қарамастан қаладағы денсаулық сақтаудың перспективасы мен сапасын әрі қарай дамыту үшін шешімін табуы тиіс мәселелер бар. Сондай-ақ, медицина кадрларының жетіспеушілігі мен оларды қаржыландыру мәселесі де қатар жүреді", — дейді қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов. 

Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елорданың бүгінде алдыңғы орында келе жатқанын айтты. 

Денсаулық саласындағы құжаттық бағдарламаны жүзеге асыруда соңғы жылдары қаржыландыру 10 есеге көбейді. Бұл материалдық-техникалық базаны күшейтіп, тегін кепілдендірілген медициналық көмек тізімі мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.


Оның келтірген мәліметінде Астанада халықтың өмір сұру ұзақтығы 75,4 жасқа ұзарған, ол елдегі орта көрсеткіштен 3,5 жылға көп.

"Біз бұған туу саны көрсеткішінің артуы мен өлім санының азаюы арқылы жеттік", — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда қаладағы денсаулық сақтау жүйесіне 100 мың емхана ұсынылды, оның 37-сін қала әкімдігі ұсынды. Атап айтқанда: 16 емхана, 20 стационар және жедел жәрдем станциясы. Астанада жалпы 15,5 мың медицина қызметкері бар. 

 

Соңғы жаңалықтар