Жарияланды: 360

Астанада дәстүрлі қазақ қолөнері фестивалі мен жәрмеңкесі ашылады

Ертең Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында дәстүрлі қазақ қолөнерінің фестивалі мен жәрмеңкесі ашылады.

Бұл туралы шараны ұйымдастырып отырған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Фестивальға Қазақстанның түпкір-түпкірінен таңдаулы қолөнер шеберлері қатысып, өздерінің қолдан жасалған бірегей бұйымдарын ұсынады. Фестивальді өткізу қазақтардың ұлттық мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде көркем қолөнерін түлетіп, дамыту, шығармашыл адамдарға және қолөнер шеберханаларына қолдау көрсету мақсатын көздейді. Келушілер ағаштан, күмістен, киізден және зергерлік асыл тастардан бұйымдар жасайтын шеберлердің жұмыстарымен танысады. Фестиваль ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірліктің ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады. Фестивальдің ашылу салтанатына елімізде тіркелген бірқатар елшіліктердің өкілдері құрметті қонақ ретінде қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін