Астанада демалыс күндері 19 мас жүргізуші ұсталды
Астанада демалыс күндері 19 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі. |
«Демалыс күндері жол полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 097 оқиғасын анықтады, оның ішінде 19 жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны үшін, 151 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 19-ы жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін, 67-сі көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін ұсталды», - делінген хабарламада.
Айыппұл тұрағына 26 автокөлік қойылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін