Аптаның тақырыбы «Музейлер, білім және ғылыми зерттеулер». Ол мәдени институттардың біртұтас білім беру тәжірибесін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін көрсетеді және саналы, тұрақты және инклюзивті/алуан түрлі әлем құруға итермелейді.
![](https://ff.fnn.kz/skuggcke/igguggim/eeqgqogo/6abbdd1051558469ce3228aac127a145664c7a172bfde.jpg)
Биыл 20-22 мамыр аралығында «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы аясында Тұңғыш Президент музейі халықаралық педагог-суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шаралар өткізіледі: көркем пленэрлер, шеберлік дәрістері, «Музей – көркемөнер қауымдастықтары: өзара іс-қимыл және интеграция тәжірибесі» коллоквиумы. Сондай-ақ «Менің елімнің бейнесі» көрмесі ашылды. Іс-шараларға Ресей мен Қазақстанның педагог-суретшілері, Қазақстан Суретшілер одағы мен дизайнерлер одағының мүшелері, Қазақстандағы балалар көркемсурет мектептерінің оқушылары, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.
![](https://ff.fnn.kz/skuggcke/igguggim/eeqgqogo/3afc95a7dee27db6e288bf0d20798dc1664c7a202e01e.jpg)
«Менің елімнің бейнесі» көрмесінің мақсаты Ресей мен Қазақстанның мәдени және білім беру мекемелері арасындағы шығармашылық әлеуетті қолдау және тәжірибе алмасу, педагог-суретшілер мен музей аудиториясы арасындағы ынтымақтастық пен диалог үшін платформа құру.
Көрмеге Ресей, Қазақстан, АҚШ, Украина, Үндістан, Сербия және Чехия халықаралық педагог-суретшілер одағы мүшелерінің 70-тен астам шығармашылық жұмысы қойылған.
![](https://ff.fnn.kz/skuggcke/igguggim/eeqgqogo/569fbdd1f8dca297890f91df4d57f078664c7a2a51a5e.jpg)
Көрме болашақ ұрпаққа маңызды көркем месседждерді қалыптастыратын заманауи күнделікті өмірдің бейнесі мен нышанын танытады.
Педагогтардың, олардың тәрбиеленушілерінің шығармалары халықаралық педагог-суретшілер одағы мүшелерінің авторлық ізденістері мен шешімдерінің, көркемдік және педагогикалық жетістіктерінің жан-жақтылығын көрсетеді.
![](https://ff.fnn.kz/skuggcke/igguggim/eeqgqogo/d7fa25884150e2101ece71dc40ea7343664c7a32b91cf.jpg)
Көрме 2024 жылдың 21 маусымына дейін жұмыс істейді. Осы көрмеге барғысы келетіндер мына нөмірлерге хабарлассын:
— 70 83 31; 8 (775) 104 55 33; 8 (747) 146 67 31.
![](https://ff.fnn.kz/skuggcke/igguggim/eeqgqogo/fe8a13c89349be5e110452967a9aff2a664c7a3b2b745.jpg)