"Астанада 22 қазанда дипломатиялық корпус басшыларына "Еуропаға жол" бағдарламасын таныстыру рәсімі өтеді. Таныстыру рәсімі барысында бағдарламаның негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің сөз сөйлеуіне мүмкіндік берілетін болады",- деді Е.Ашықбаев.