Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-министр Диснейленд емес, ойын-сауық саябағы салынатынын айтты.
«Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда Астанада туристік квартал бар, бұл үлкен ойын-сауық паркі болатын маңызды кешен. Жоба іске асыру сатысында. Иә, жоспарлар бар. Бірақ бұл Диснейленд емес. Ол «Барыс Аренаның» артында салынады», – деді Ержан Еркінбаев.
Жобаны шетелдік инвестор жүзеге асырады.
«Бұл үлкен кешен, ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақ үй. Біздің елордада туристерді тартатын маңызды дестинация болады деп ойлаймыз. 2027 жылы осы үлкен кешеннің туристік элементі пайдалануға беріледі», – деп түйіндеді спикер.