Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

Астанада үшінші рет дзюдодан Grand Slam сериясындағы әлемдік рейтингтік турнирі өтеді

  • 22 Сәуiр
  • 3
ФОТО: ҚР ҰОК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, беделді турнир 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Турнир қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.

Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшыға — 1000 ұпай, екінші орынға — 700 ұпай, ал үшінші орынға — 500 ұпай жазылады.

Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісім бойынша Қазақстан 2026 жылға дейін Grand Slam сериясындағы турнирлерді қабылдайды.