Астанада экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймағы форумының кезекті отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймағы форумының кезекті отырысы басталды

Астанада экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймағы форумының кезекті отырысы басталды

Бүгін, 25-мамырда Астанада экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймақтық форумының (APFED) бесінші отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 25 Мамыр 2004
  • 1221
Фото - Caravan.kz

Кезекті отырыстың мақсаты — Азия-Тынық мұхиты аймағының ұзақ мерзімді тұрақты даму үлгісінің алғашқы нұсқасын талқылау. Бұған қоса форумға қатысушылар Орталық Азия аймағындағы жалпы ахуалмен және ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысады.

Экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймақтық форумы 2000-жылы Жапонияда құрылған. Бас қосу Азия-Тынық мұхиты аймағының жалпы ахуалы мен даму перспективасына талдау жасауды мұрат тұтады. Ұйымға танымал саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері енеді.
Соңғы 20 жылда аймақ елдерінің экономикасы 4 есе өсті. Азия-Тынық мұхиты аймағы — Жер бетіндегі халық ең тығыз қоныстанған аймаққа саналады.