Астанада экономикалық ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада экономикалық ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Астанада экономикалық ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

1-қазанда Астанада экономикалық ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2005
  • 501
Фото - Caravan.kz

Шараға Түркия үкімет басшысының орынбасары Абдюллатиф Шенер, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Ауғанстан сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла, Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки, Тәжікстан сыртқы істер министрі Талбак Назаров, Пәкістан сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Махмуд Бахтияр, Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Махмуд Мамедкулиев, сондай-ақ, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елшілері қатысады.
Отырыс барысында тараптар ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесін талқыламақшы.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1985-жылы Иран, Түркия және Пәкістан мемлекеттері бірлесіп құрған. 1992-жылы бұл ұйымға Ауғанстан мен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды бұрынғы Кеңестік республикалар бірікті. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты — мүше-мемлекеттер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласындағы аймақтық байланыстарды нығайту болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер 300 млн халқы бар 7 млн. шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ұйымның бас пәтері Тегеранда орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта