Бірнеше күннің ішінде баукеспелер 20 миллион теңгенің мүлкін қолды қылған. Яғни, жүздеген қымбат сағат, алтын, түрлі әшекей бұйымдармен қатар үйдегі теріден жасалған тондарды жымқырыпты. Сонымен қатар ұрлаған 30 мың доллар, 9 мың еуро мен 2 травматиалық тапаншаны Астанадан жалға алған пәтерлеріне тасып отырған. Темір тор мен терезелерді сындыруға арналған құралдың да түрі бар екен. Қолға түскен 3 қызылордалық қазір изоляторда жатыр.