Астанада энергетикалық көздердің қуатын арттыру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада энергетикалық көздердің қуатын арттыру көзделіп отыр

Астанада энергетикалық көздердің қуатын арттыру көзделіп отыр

Астанада энергетикалық көздердің қуатын арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 20-маусымда парламенттегі үкіметтік сағат барысында Астана әкімі Өмірзақ Шүкеев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Маусым 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Энергетикалық көздердің қуатын арттыру мәселесінің өзектілігі артты. Тоқпен қамтамасыз ету саласында келешекте қаланың дамуына кедергі келтіретіндей ауқымды проблема жоқ. Алайда, орталықтандырылған жылу қамтамасыздығы саласында қазіргі бар схеманы жаңалау қажеттігі туындап отыр»,- деді Ө.Шүкеев.

Ө.Шүкеевтің айтуынша, 2005-жылы қалада жылу энергиясын өндіру қуаты жалпы алғанда 1146 Гкал/сағ құрайды. Оның 746 Гкал/сағ 2-ші Жылу электр орталығы, 400 Гкал/сағ 1-ші Жылу электр орталығы өндіреді.
Әкімнің айтуынша, Астанада 2-ші Жылу электр орталығының қуатын арттыру көзделген. Нәтижесінде жылу өндіретін жиынтық қуат 1360 Гкал/сағ болмақ. «Қаланың қазіргі даму қарқынын ескергенде , бұл бізге 2009-жылға дейін жетеді»,- деді ол.
Сонымен бірге 1-ші Жылу электр орталығын жаңалау межеленген-тұғын. Алайда, экономикалық тиімсіздігіне байланысты бұл жобадан бас тартуға тура келді. «2-ші Жылу электр орталығының қуатын одан әрі арттыра түсуге шешім қабылданды. Өйткені, Жылу электр орталығының айналасындағы инфрақұрылым станцияның қуатын 2000 Гкал/сағ жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде қала 2015-жылға дейін жылумен қамтамасыз етіледі»,- деді Елордасының әкімі.
Сонымен бірге әкімнің айтуынша, «2-ші Жылу электр орталығының қуатын одан әрі арттырумен бірге жаңадан 3-ші жылу электр орталығының құрылысы салына бастайды. Бірінші кезекте бұл аяда қуаты 480 Гкал/сағ болатын су жылытқыш қазандық салынады. Оны пайдалануға беру нәтижесінде 2030-жылға дейін жылу тапшығы тауқыметі жойылады».
«Аталған барлық шаралардан кейін Астанадағы электр қуатын өндіру көлемі 800 МВт-қа жетеді. Бұл — индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті қуат»,- деді Ө.Шүкеев.

Перейти к новостям спорта