Астанада этномәдени орталықтардың «Алға, Қазақстан!» концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада этномәдени орталықтардың «Алға, Қазақстан!» концерті өтеді

Астанада этномәдени орталықтардың «Алға, Қазақстан!» концерті өтеді

 Алдағы 7-қысқы Азия ойындарының ниеттестері мен жанкүйерлері күннен күнге көбеюде!

  • 25 Қаңтар 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

2010 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қаламыздағы этномәдени орталықтардың «Алға, Қазақстан!» концертін өткізеді, деп хабарлады Өзбек этномәдени орталығының баспасөз қызметі.

Концертке қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өкілдері қатысады. Би ансамбльдері де, музыкалық аспаптар және хор ұжымдары, әншілер топтары да өнер көрсетеді.

«Алға, Қазақстан!» концертінің қатысушылары «Азиаданы өткізу — әрбір қазақстандық үшін үлкен құрмет» деп санайды және олар өз таланттарымен Азиадаға қатысатын спортшыларға қолдау көрсетіп, осындай орасан зор шараға өз үлестерін қосуға қуанышты.

«Қазақстан өз шаңырағы астында ұлты мен мәдениеті әр түрлі адамдарды біріктіруде. Түрлі ұлт өкілдері елімізді өз Отаны деп санайтын мемлекетте тұрып жатырмыз. Қазақстан халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі — еліміздің қайталанбас көркі әрі байлығы. 7-қысқы Азия ойындарын өткізу еліміз үшін және барлық Қазақстан халқы үшін қаншалықты мәнді әрі маңызды екендігін түсінудеміз. Этномәдени бірлестіктердің ұжымдары қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама өткізу — біздің спортшыларымызға жеңіс әрі жаңа рекордтар жолында қолдау болады деген үміттеміз», — дейді шараның ұйымдастырушылары.


Шара 2011 жылы 26 қаңтар күні «Жастар» сарайында өткізіледі.

Перейти к новостям спорта