Астанада екі адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ретінде Өзбекстан Республикасының азаматтары құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екі адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ретінде Өзбекстан Республикасының азаматтары құрықталды

Астанада екі адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ретінде Өзбекстан Республикасының азаматтары құрықталды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада екі адамның өліміне қатысы бар күдіктілер ретінде Өзбекстан Республикасының азаматтары құрықталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана қалалық ІІД Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің инспекторы Сәуле Қалиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оның атап көрсеткеніндей, өткен қазан айының 21-і күні ІІД Жедел басқару орталығына Көктал кентінде орналасқан саябақ қоғамдастықтарының бірінде 25 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабар түседі. Оның кім екендігін анықтау барысында жәбірленуші бірнеше рет сотты болғандығы белгілі болды. Араласатын ортасын тексеру барысында назарға оның таныстары Өзбекстан азаматтары ілігіп, жүргізілген арнайы жедел іс-шараларынан кейін олардың қылмысқа қатыстылығы дәлелденеді.

Тергеу барысында айыпталушылар қылмыстың себебі ретінде жәбірленушіге қарыздарын қайтарғысы келмегендігін көрсетеді. Алайда, бірнеше күн өткен соң полиция қызметкерлері әлгі екеуі Л. есімді азаматты өлтіруді жоспарлап, бұл істі орындау үшін жалдамалы кісі өлтіргішті жалдағанын анықтайды. Бірақ, жалғанған адамды тапсырыс берушілердің берген сомасы қанағаттандырмай, оларды бопсалай бастайды. Ақырында тапсырыс берушілердің қолынан өзі қаза табады.

«Бұдан кейін полиция қызметкерлері Л.есімді азаматтың әр жерге көмілген денесін іздеп табуға кірісті. Нәтижесінде қазанның 27-сі күні Есіл өзенінің жағасында оның денесі, Малахов көшесі бойынан басы табылды. Құрбан болған екі азамат та Қазақстан азаматтары», — деді ол.

Бүгінде бұрын-соңды сотты болмаған Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ҚК 96-бабының 2 тармақшасы бойынша (екі не одан да көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап жендеттерді 25 жылға дейін, не болмаса өмір бойы бас бостандықтарынан айыруды көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар