Астанада екі су құбырындағы апат жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екі су құбырындағы апат жойылды

Астанада екі су құбырындағы апат жойылды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада екі су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Қараша 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бірінші су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмыстары сағат 20.15-те, ал екіншісіндегі — сағат 17.45-те аяқталып, су толық жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде 24 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 150 миллиметрді құрайтын су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалды.

Сондай-ақ, Астананың №2 ықшамауданында апат болды. 25 қарашада сағат 03.10-да диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 «а» ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар