Жарияланды: 320

Астанада екі жасар бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кетті

Астанада екі жасар бала Қарасай батыр көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ. Құтқарушылардың нақтылауынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешқұрым болды. «Бала байқаусызда құлап кеткен», - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, баланың жағдайы жайында баспасөз қызметі хабарламаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін