Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жалғасып жатыр

Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жалғасып жатыр

Бүгін, 8 маусымда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жалғасып жатыр.

  • 8 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Форумның екінші күні басталардың алдында қасиетті Құран кәрімнің аяттары оқылып, жиналған қауым Қазақстан жерінде алғаш рет өткізіліп отырған Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының сәтті өтуін ниет етті. Осыдан кейін сөз алған Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының төрағасы Тун Муса Хитам мырза мұсылман елдері үшін аса маңызды ауқымды іс-шараны ұйымдастырып жатқан Қазақ халқына өз ризашылығын білдіріп, форумға қатысып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық делегаттарға алғыс айтты. «Бүгінде Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдары кезінде алған асулары мен қол жеткізген жетістіктері аз емес. Оның 20 жылдық үдемелі даму үдерісінен кейінгі бүгінгі бет-бейнесі кез келген адамды таң қалдырады. Ал осы жас мемлекеттің жарқын елордасы — Астана қаласы көздің жауын алады. Бұл -Қазақстанның жетістігі, оның өзінің табиғи ресурстарын тиімді райдалана білуінің айқын көрінісі. Қазақстан сыртқы әлем үшін өз есігін айқара ашты. Бұл жерде тілдік, діндік және басқа да рухани тосқауылдар ойдағыдай шешіліп келеді. Сол себепті бүгін біз қазақтың дархан даласында бас қосып, осынау ауқымды іс-шараны өткізіп отырмыз. Бүгін біз жаһандық экономиканың өзгеруіне, көптеген ұлттар мен ұлыстардың бірігуіне куәгер болудамыз», — деді өз сөзінде форум төрағасы Тун Муса Хитам мырза.

ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет өтіп отырған Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының биылғы алқалы жиыны «Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбына арналды. Форум аясында ислам банкингі, қаржылық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, балама энергия көздерін, «халал» индустриясын дамыту және тағы басқа өзекті мәселелерді арнайы сессияларда талқылау жоспарланып отыр. Ол үшін Астанаға шетел мемлекеттерінен шамамен 2 мыңға жуық бизнес өкілдері, әлемдік деңгейдегі экономистер мен қаржыгерлер келді. Сарапшылардың айтуынша, 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы Қазақстан үшін отандық экономиканың әлеуеті мен республиканың инвестициялық ахуалын көрсетудің, жаңа байланыстар орнату мен елге қосымша шетел инвестициясын тартудың бірегей мүмкіндігін туғызып отыр. Қазақстан Таяу Шығыс, Африка және Азияның оңтүстік шығыс елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыта алады.

Соңғы жаңалықтар