Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Қалалар Ассамблеясының конференциясына қатысушыларды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Қалалар Ассамблеясының конференциясына қатысушыларды қабылдады

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Қалалар Ассамблеясының конференциясына қатысушыларды қабылдады

Бүгін, 10-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Қалалар Ассамблеясының конференциясына қатысушыларды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 10 Маусым 2003
  • 528
Фото - Caravan.kz

Халықаралық Қалалар Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Михаил Соколовтың айтуынша, конференцияға қатысушылар Астанадағы өзгерістерге ерекше таңданыс білдіріп, үлкен әсерге бөленуде. Бүгінде Халықаралық Қалалар Ассамблеясына жалпы тұрғындар саны 28 миллион адамды құрайтын 47 ірі қала қамтылған.

«Біз қалаларымызды одан бетер гүлдендіре түсу, онда тұратын халықты одан бетер байыта түсу үшін бірлесіп жұмыс істейміз»,- деді Михаил Соколов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада «Қазақстан , Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы шешімдерін жүзеге асыруда ЕврАзЭс пен Халықаралық Қалалар Ассамблеясына (ХҚА) мүше мемлекеттердің астаналары мен ірі қалаларының атқаратын міндеті» тақырыбында халықаралық конференция өткен болатын.
Бас қосуға ХҚА-на мүше 30-дан астам қаланың әкімдері , Халықаралық Қалалар Ассамблеясына бақылаушы мәртебесінде қабылданған қалалардың басшылары мен Варшава, Гданьск, және Рига қалаларынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.