Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 513
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібіне сәйкес қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды міндеттері, өткен кезеңдегі еліміздің сыртқы саясат ведомствосының қызметі және жұмысының перспективалық жоспары, сондай-ақ халықаралық қатынастағы көкейкесті мәселелер қарастырылатын болады.

2005 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отырған жиынға еліміздің шетелдердегі барлық мекемелерінің және бірқатар орталық атқарушы органдарының басшылары қатысуда. Алқа мәжілісі 19-20 қарашада өткізіледі.

Алқа жұмысының екінші күні Қазақстанның мемлекеттік органдары мен басшыларының қатысуымен шетелдегі қазақстандық дипломатиялық корпустардың өкілдеріне арналған семинарлар өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар