Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қарашаның 19-20-сында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 17 Қараша 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

«2005 жылдың маусымынан бергі кезеңде алғаш рет өткізіліп отырған жиынға еліміздің шетелдердегі барлық мекемелерінің және бірқатар орталық атқарушы органдарының басшылары қатысады. Күн тәртібіне сәйкес қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды міндеттері, өткен кезеңдегі еліміздің сыртқы саясат ведомствосының қызметі және жұмысының перспективалық жоспары, сондай-ақ халықаралық қатынастағы көкейкесті мәселелер қарастырылатын болады», деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар алқа жұмысының екінші күні Қазақстанның мемлекеттік органдары мен басшыларының қатысуымен шетелдегі қазақстандық дипломатиялық корпустардың өкілдеріне арналған семинарлар өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар