Caravan Logo

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

"2005 жылдың маусымынан бергі кезеңде алғаш рет өткізіліп отырған жиынға еліміздің шетелдердегі барлық мекемелерінің және бірқатар орталық атқарушы органдарының басшылары қатысады. Күн тәртібіне сәйкес қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды міндеттері, өткен кезеңдегі еліміздің сыртқы саясат ведомствосының қызметі және жұмысының перспективалық жоспары, сондай-ақ халықаралық қатынастағы көкейкесті мәселелер қарастырылатын болады", деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар алқа жұмысының екінші күні Қазақстанның мемлекеттік органдары мен басшыларының қатысуымен шетелдегі қазақстандық дипломатиялық корпустардың өкілдеріне арналған семинарлар өткізіледі.