Астанада Елбасын Ұлықтау рәсіміне арналған концерт өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасын Ұлықтау рәсіміне арналған концерт өтіп жатыр

Астанада Елбасын Ұлықтау рәсіміне арналған концерт өтіп жатыр

Осы сәттерде Астана әкімдігі алдындағы алаңда Елбасы Н.Назарбаевты Ұлықтау рәсіміне арналған концерт өтіп жатыр.

  • 9 Сәуiр 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

Концерттік бағдарлама барысында Тәуелсіз Қазақстан тарихында болған ЕҚЫҰ Саммиті мен 7-ші қысқы Азия ойындары сынды елеулі оқиғалар еске алынып, 2011 жылдың басты тарихи оқиғасы — 3 сәуірде өткен Президент сайлауы тақырыбы молынан қамтылды.

Концертті жүргізуші, кезектен тыс президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев үлкен басымдықпен жеңіске жеткенін атап өте келе: «3 сәуір — халқымыздың бірлігін, азаматтық белсенділігін тағы бір мәрте көрсеткен күн болды, Қазақстан халқы ел болашағы туралы ойлады», — деді.

Енді Қазақстан Елбасымен бірге Еуропалық қайта құру және Даму банкі Директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырысын; Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер басшыларының отырысын; қазақстандық және шетелдік 150 спикер, мұсылман әлемінің іскерлік ортасының өкілдері қатысатын 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы мен IV Астаналық экономикалық форумын өткізуге әзірленеді.

Бүгінгі мерекелік кеште астаналықтар алдында Нұрғали Тұрлыбеков, Дианора, Ерболат Құдайбергенов, Маржан Арапбаева, «МузАрт» тобы, «Дабыл» дуэті, Мақпал Исабекова, Медет Шайкелов, Диана Маева мен басқа да қазақстандық орындаушылар өнер көрсетті.

Концерт мерекелік отшашумен аяқталады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта