Бұл форумның мақсаты — үкіметтік емес ұйымдар секторын одан әрі топтастыруға, оның мемлекеттік мекемелермен және кәсіпкерлік саламен конструктивті ықпалдастығын жолға қоюға саяды.
Форумның жалпы отырысы барысында барлық мүдделі жақтарды қатыстыра отырып, үкіметтік емес сектордың Қазақстандық моделін жобалап қабылдау, үкіметік емес ұйымдар мен билік органдары арсындағы диалогты жалғастыру, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011-жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылау, билік-үкіметтік емес ұйым — бизнестің ара байланысына негіздеген «әлеуметтік кластер» құру мәселелері талқыланады.
Форумға ҚР президентінің әкімшілігі мен үкіметтің өкілдері, парламент депутаттары, Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің, халықаралық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың, министрліктердің, жергілікті атқарушы биліктердің, консультативтік-кеңес органдарының, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысуда.
11-қыркүйекте Азаматтық форум аясында «дөңгелек үстел» түрінде 8 диалог алаңы ұйымдастырылып, онда үкіметтік емес ұйымдар секторын дамытуға және олардың қоғамдағы басқа да секторлармен ықпалдастығына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, форумның нұсқауы қабылданды. Дөңгелек үстел дилогына әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік мекемелердің вице-министрлері, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары мен форум делегаттары қатысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірінші Азаматтық форум 2003-жылдың қазан айында өткен. Оған қатысушылар Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға қаратқан мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде қоғамдағы демократияны тереңдетудің, ішкі саяси тұрақтылықты, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтап қалудың басты алғышарты ретінде мемлекет пен бейресми ұйымдар арасында әріптестік байланысқа негізделген ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігі атап көрсетілді.
Өткен екі жылда мемлекетіміз үкіметтік емес ұйымдар секторын одан әрі дамытуға жағдай жасау үшін қыруар еңбек тындырды. Мемлекеттік мекемелердің бастамасы бойынша билік өкілдерінің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен бірқатар «дөңгелек үстелдер», семинарлар мен конференциялар өткізілді.
2005-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 146,8 мың адам тұрады. Елімізде 5 мыңдай үкіметік емес ұйымдар тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті