Астанада Елбасының қатысуымен жарты жылдық қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасының қатысуымен  жарты жылдық қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астанада Елбасының қатысуымен жарты жылдық қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жарты жылдық қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Тамыз 2003
  • 523
Фото - Caravan.kz

Отырыста екі түрлі мәселе қаралады. Бірінші мәселе бойынша, Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың «2003 жылдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және екінші жартыжылдықтағы міндеттер туралы» баяндамасы тыңдалады.

Мәжілісте сондай-ақ, Ұлттық банктің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижесі туралы банк төрағасы Григорий Марченко баяндама жасайды деп күтілуде.
Бұдан соң бірқатар министрлер мен облыс әкімдерінің есебі бұқара назарына ұсынылады.
Отырысқа облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың, Президентке есеп беретін органдардың басшылары және Парламент депутаттары қатысып отыр.