Астанада Елбасының жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда еліміздегі тергеу мекемелерінің мәртебесін көтеру шаралары талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасының жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда еліміздегі тергеу мекемелерінің мәртебесін көтеру шаралары талқыланды

Астанада Елбасының жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда еліміздегі тергеу мекемелерінің мәртебесін көтеру шаралары талқыланды

Бүгін, 25-ақпанда Астанада ҚР президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысында еліміздегі тергеу мекемелерінің мәртебесін көтеруге бағытталған зерттеулерді одан әрі жалғастыруға шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Ақпан 2004
  • 1035
Фото - Caravan.kz

ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі Игорь Роговтың пікірінше, «бүгінде бұл проблемаларды кіші-гірім өзгерістер аясында шеше алмайтынымыз анық. Сол себепті сотқа дейінгі сатыдағы барлық қылмыстық процестер бойынша мейлінше терең зерттеулер жүргізу қажеттігі өз-өзінен туындайды». Аталмыш проблема бойынша «кешенді» нұсқаулар дайындау үшін бұл жұмысқа ғалымдарды да жұмылдыру керек дейді ол.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Курбатов 2003-жыл соңында тергеушілердің мәртебесін көтеру мәселесімен айналысатын арнайы мекемеаралық жұмыс тобы құрылғанын еске салды. Оның айтуынша, жұмыс тобы алдын-ала тергеу және тергеушілер мәртебесіне қатысты жеке заң жобасын жасау, біртұтас тергеу мекемесін құру, алдын-ала тергеу және штатты тергеу жұмыстарын сот алдындағы тектеу жұмыстарының бір түріне біріктіру, сондай-ақ, бірқатар министрліктер мен мекемелерде дербес тергеу комитеттерін құру мәселелерін пысықтады.
«ІІМ үшін тергеушінің мәртебесін көтеру мәселесі ешқандай күдік тудырмайды»,- деді В.Курбатов. Сонымен бірге , оның айтуынша, «ҚР алдын-ала тергеу мекемелері мен тергеуші мәртебесі туралы» заң жобасының талқылауға ұсынылған үлгісі «аталмыш қиындықтарды еңсеруде шешуші рөл атқара алмайды». Мәселенің түйінін шешу үшін жұмыс тобы ҚР президентінің «Ішкі істер органдары туралы » заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізумен шектеліп, ҚР ІІМ-дегі тергеу жұмыстарын жетілдіру шаралары туралы үкімет қаулысын қабылдауды ұсынып отыр. Ол қаулыда «ІІМ-нің тергеу комитетін құруға құқықтық-нормативтік негіз қалыптастыруға, алдын-ала тергеу мекемелерінің мәртебесін бекітуге, тергеушілерге қосымша көмекшілер тағайындап, олардың штат санын арттыруға, тергеу аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік жасалар еді»,- деді вице-министр. Алдын-ала есеп бойынша бұл мақсатқа 2005-2006-жылдар аралығында 4 млрд. теңге қажет.

Соңғы жаңалықтар