Астанада елімізді 2015-жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада елімізді 2015-жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын  жүзеге асыру тетіктері талқылануда

Астанада елімізді 2015-жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері талқылануда

Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін "мемлекетіміздің қаржылық, фискалдық және тарифтік саясаты мен білім-ғылым саласын жетілдіру қажет". Бүгін, 19-желтоқсанда стратегияны жүзеге асыру тетіктерін талқылауға арналған республикалық конференцияда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 475
Фото - Caravan.kz

Ол осы орайда мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты экономика салаларының сан алуандығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды қолдана жоғары өнімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу екенін еске салды.

Үкімет басшысы индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың алдағы үш жылға есептелген шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады. «Бұл кезең стратегияны жүзеге асыруға дайындық есебіндегі айрықша маңызды кезең болып табылады»,- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының пайымдауынша, «стратегияны жалпы жүзеге асыру дәл осы дайындық кезеңді дұрыс жолға қоюға тікелей байланысты болмақ».
Үкімет басшысы осы мерзімде Инвестициялық және Ұлттық қор, экспорт пен капиталды сақтандыру қорлары құрылып бүгінге дейін капитал қоры қалыптастырылғанын, олардың елімізде ғылыми сыйымдылығы мол өндірістерді дамыту үшін инвестиция тартуға және жоғары технологиялы өндірістерді құруға қызмет ететінін хабарлады. Сондай-ақ, Д.Ахметовтың атап көрсетуінше, маркетингтік зерттеу орталығы мен инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы құрылды, «олар еліміздегі даму институттарын толықтыра отырып солармен тығыз байланыста жұмыс істейді».
Д.Ахметовтың хабарлауынша, аталмыш даму институттарын құруға республикалық бюджеттен 2003-жылы 46 млрд. теңге бөлінсе, 2004-жылы 19 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, үкімет басшысы стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіруге қатысты жұмыстарды пәрмендендіру қажеттігін атап өтті. «Техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттар мен кредиттер көлемі ұлғайтылады. Әсіресе елімізде инновациялық бизнесті дамытуға қабілетті жаңа тұрпаттағы менеджерлерді дайындауға баса назар аударылады»,- деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар