Кеңесті ашқан үкімет басшысы Даниал Ахметов еліміздің агроөнеркәсіптік кешені саласында «жақсы табыстарға қол жеткізілгенін» атап өтті. «Түлік саны мен өнімділіктің арту ағымы, өндіріс көлемі мен ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі арту, сондай-ақ, ауылдың өндірістік инфрақұрылымын дамыту ағымдары жалғасын табуда»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың ақпаратына сәйкес, 2004-жылы «ауылшаруашылығы саласында 693 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді, физикалық көлем индексі 2003-жылғы деңгеймен салыстырғанда 100 процентті құрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5,3 процентке артты». «Мемлекет басшысы тарапынан ауылды дамыту мақсатында екінші жылға қойылған мақсаттар жалпы алғанда орындалды»,- деді үкімет басшысы.