Caravan Logo

Астанада ер адам мен ұл бала Есіл өзеніндегі мұздың астына түсіп кетіп, мерт болды

Астанада ер адам мен ұл бала Есіл өзеніндегі мұздың астына түсіп кетіп, мерт болды

«Тұлпар» ат спорты кешенінің маңайында белгісіз жағдайда 60 жастағы ер адам мен 9 жасар ұл бала Есіл өзеніндегі мұздың астына түсіп кетіп, қаза болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, баланың денесі сағат 17.40-та Астана қаласы бойынша ТЖД мен «Шұғыл құтқару қызметі» ММ-нің судан-құтқару қызметінің күшімен (7 адам мен 3 техника) жер бетіне шығарылды. Ер адамның денесін іздестіру жұмыстары бүгін жалғастырылатын болады.