Астанада ерекше коллекция жинайтын әйел тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерекше коллекция жинайтын әйел тұрады

Астанада ерекше коллекция жинайтын әйел тұрады

Елордада қыш шәйнектер жинаумен айналысатын ерекше топтама иесі тұрады.

  • 2 Қаңтар 2018
  • 193
Фото - Caravan.kz

Әлемнің әр қиырынан әкелінген 100-ден астам бұйымды кейіпкеріміз Орал Қашқынбекова көздің қарашығындай қорғап жүрсе де, алғаш рет біздің түсіру тобымызға көрсетті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл – Астана тұрғыны Орал Қашқынбекованың топтамасындағы тарихы сонау 1969 жылдан бастау алатын шәйнек. Қыш бұйымының сыр-сипатына қарап, көне жәдігер екеніне көз жеткізу қиын. Себебі, кейіпкеріміз жолдасы сыйға тартқан бұл ыдысты ерекше қастерлейді.

– 1969 жылы жолдасым Центр казводхоз институтында істейтін. Ол институт Москваға қарайтын. Жылдың аяғында Москваға отчетпен барды. Сол кезде келгенде портфелінде маған гүл алып келіпті. Және  мына шәйнекті әкелді. Осы шәйнектен басталды, — дейді Қашқынбекова.

Ол үшін бағалы бұл шәйнектен бөлек, қыштан жасалған қыр-сырлы, сан түрлі үлгідегі 100-ден аса бұйым бар. Бірі Италиядан, енді бірі Австрия, Нидерланд, Англия, Ресей сынды әлемнің 70-тен аса елінен әкелінген. Керамикалық ыдыстарды отанасына ұл-қыздары мен дос-жарандары сыйға тартуды әдетке айналдырған.


Перейти к новостям спорта