Астанада ерлі-зайыптылар жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерлі-зайыптылар жоғалып кетті

Астанада ерлі-зайыптылар жоғалып кетті

Астанада тал түсте үш баланың ата-анасы - 32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева бірдей жоғалып кетті.

  • 19 Сәуiр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Полицейлер аталған азаматтарды табу бойынша кешенді түрде жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына Астана мен Алматы өңірлерінің ІІД жеке құрамы тартылды», — деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті.

Жоғалған ата-аналардың үш қызы бар. Олардың ең үлкені жеті, ортаншысы бес және кенжесі жасқа жаңа толған бүлдіршіндер. 12 сәуір күні сағат 14-00-де балалардың анасы үйінен шығып, ортаншы қызын «Айгөлек» дамыту орталығына апарған, содан бері хабар жоқ. Үйдің отағасы да дәл сол күні сағат 11-00-де із-түссіз кетті.

«Жоғалған әйелдің ерекше белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі талдырмаштау келген, көзілдірік тағады. Ұлты — қазақ. Үстінде қоңыр түсті пальто, басына ақ-қара жолақты орамал тартқан, аяғына сұр түсті трико және қоңыр етік киген. Әкесінің ерекше белгілері: Бойы 165-170 см, дене бітімі арықтау келген, ұлты — ұйғыр. Үстіне бас жамылғысы бар жеңсіз қара-көк желет киген. Басында күнқағары бар шапка немесе кепка болуы мүмкін. Аяғына ашық көк түсті джинси мен қара етік, мүмкін көк жолақтары бар кроссовка киген», — деп жазылған әлеуметтік желілерде.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

Геннадий Головкин 5 мамырда америкалық боксшымен жұдырықтасады

Әлемдегі ең сұлу әйел анықталды