Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің мәжілісі өтеді

Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің мәжілісі өтеді

ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің 19-шы мәжілісі 2004-жылдың 17-маусымында Астанада өтеді деп межеленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан әділет министрлігінен хабарлады. ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Евгений Ворсин Тәжікстан Республикасы үкімет басшысының бірінші орынбасары Ходжа Акбар Тураджонзоданың атына (ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің мүшесі) отырыс материалдары мен күн тәртібінің жобасын жолдаған екен.

  • 11 Маусым 2004
  • 357
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан әділет министрлігінен хабарлағанындай, отырыстың күн тәртібіне 11 мәселе енгізілген. Атап айтқанда, жүктерді темір жолмен тасымалдауға ЕурАзЭҚ аясында біртұтас тарифтік база қалыптастыру, Қоғамдастыққа мүше елдер арасында Сырдария және Амудария өзендері бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді игеру саласындағы ықпалдастық, ЕурАзЭҚ аясындағы 2005-2006-жылдарға арналған банк саласын реттеу және қадағалау жөніндегі ынтымақтастық жоспарының жобасы туралы талқыланады.

Интеграциялық комитеттің бұған дейінгі отырысы биылғы жылдың 28-сәуірінде Душанбе қаласында өтті. Онда 17 түрлі құжат қабылданды. Сондай-ақ, алдағы Астана кездесуі қарсаңында (15-16 маусымда) ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтеді деп межеленген.

Перейти к новостям спорта