Қазір отырыс мемлекет басшыларының жеке кездесуі түрінде өткізілуде. Кейінірек президенттерге сарапшылар, кеңесшілер мен делегация өкілдері бірігіп, кеңейтілген құрамдағы отырыс басталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде Достастыққа мүше мемлекеттердің заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісімге, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.