Отырыс барысында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының құрамына өзгерістер енгізіліп, Ассамблеяның жаңа төрағасы сайланады деп күтілуде. Бұл қызметке Парламентаралық Ассамблеяның бюросы ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол сенат төрағасы қызметінен ҚР мемлекеттік хатшысы қызметіне ауысқан Оралбай Әбдікәрімовты алмастырады.
Отырыста ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай парламенттің заң шығару тәжірибесі туралы баяндама жасайды. Ал РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызлов Федералдық жиынның ЕурАзЭҚ аясында ортақ тауар, қызмет , капитал және еңбек рыноктарын қалыптастыру бағытындағы басты жұмыс бағыттары туралы, Беларусь Ұлттық жиынының өкілдер палатасының төрағасы Вадим Попов ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің өзара экономикалық интеграциялануын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету ерекшеліктері мен тиімді еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану туралы баяндама жасайды.