Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің салық қызметтері арасындағы интеграциялық ықпалдастыққа қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылау көзделіп отыр. Атап айтсақ, ірі салық төлеушілердің салықтарды аудару жағдайына бақылау жасау жүйесін жетілдіруге және ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі трансферттік баға белгілеу жүйесін жетілдіруге қатысты нұсқаулар жобасы талқыланады.
Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі салық әкімшілігін жетілдіру, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салық салу, экономиканың түрлі салаларындағы салық бақылауыың формаларына қатысты мәселелер сарапқа салынады.
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің салық қызметінің басшылары кеңесінің отырысына ұйымның бас хатшысы Григорий Рапота қатысады деп күтілуде.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті