Астанада гараж өртеніп, бірнеше автобус жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада гараж өртеніп, бірнеше автобус жанып кетті

Астанада гараж өртеніп, бірнеше автобус жанып кетті

Астанада алапат өрт салдарынан жолаушы тасымалдайтын 8 автобус пен 2 жеңіл көлік жанып кетті.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жау түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Екі қабатты үйдің мансардты бөлігінен шыққан от аулада тұрған көліктерге де жетіпті. Ал ғимарат ішіндегі 8 халықаралық және қалааралық жолаушылар автобусы мен 2 жеңіл автокөлік бірден қызыл жалынның ортасында қалған. Әрі іштегі газ баллондары мен тез жанғыш заттардың болуы да оттың тез жайылуына себепші болып отыр. Ғимарат иесінің сөзінше, бұл жер қақаған аяздан қорғану үшін көліктерге арналған жылы гараж болыпты. Ал машиналардың төңіректе көп шоғырлануы құтқарушылардың жұмыс істеуіне кедергі келтірген.