Астанада газ баллоны жарылып, кафе ғимараты қирады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.23
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада газ баллоны жарылып, кафе ғимараты қирады

Астанада газ баллоны жарылып, кафе ғимараты қирады

Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан ғимарат қирады.

  • 29 Қыркүйек
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәмхана екі қабатты ғимаратқа жапсарластыра салынған екен. 

“Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Өрт салдарынан 6 адам жарақат алды. Олар жедел жәрдем қызметіне табысталған екен.