Астанада Германиялық және Қазақстандық парламентшілердің кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Германиялық және Қазақстандық парламентшілердің кездесуі өтті

Астанада Германиялық және Қазақстандық парламентшілердің кездесуі өтті

Бүгін, 14-қазанда Астанада Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары мен Германия Бундестагының өкілдері кездесті. Олар Орталық Азия елдеріне сапары аясында елімізге келген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қазан 2004
  • 353
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Германия — Қазақстанның Батыс Еуропадағы басты әріптесі екенін атап өтті. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы жылдары екі ел арасындағы экономикалық байланыс ауқымы арта түсуде. Мәселен, 2003-жылы Қазақстан-Германия тауар айналымы 2,37 млрд. долларды құрады.
Германия парламенті өкілдерінің жетекшісі, Бундестаг төрағасының орынбасары Антье Фольмер өз кезегінде Қазақстан экономикасының жоғары даму деңгейін атап, республикадағы өзгерістерге, соның ішінде бюджетті қалыптастырудың заңнамалық аспектілеріне, салық саясаты мен қоршаған ортаны қорғау саласына қызығушылық танытты.

Перейти к новостям спорта